Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Атырау сервис колледжі, информатика пәні мұғалімі Муканова Гүлмира Асанқызы қаламыздағы  Боран Нысанбаев атындағы мектеп оқушыларымен кездесті. Кәсіби бағдар жұмыстарын жасау мақсатында оқушылармен сұхпат жүргізді. Оқушыларға кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өсіруге ,оқытуға , тәрбиелеуге жетелейді. Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс барысында оқушылар мамандықтар әлемімен танысты. Оқушыларға қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді. Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты- оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсету. Кездесу барысында Атырау сервис колледжі туралы жан- жақты  мәлімет берілді, оқушыларға колледж жайында брошюралар таратылды. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес,өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз-деген сөздермен кездесу қортындыланды.