Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Әлемдік жаһандану кезеңіне аяқ басқан Қазақ елі үшін сыбайлас жемқорлық дерті дамушы елдерге төндіретін қатерлердің ең қауіптысы екендігі даусыз. Әлеуметтік желінің, медиа ресурстардың дамыған кезеңінде кез келген азамат жемқорлық дерегін анықтаған жағдайда бұл туралы тиісті органдарға хабарлап,қоғамның талқысына салуы қажет. Дана халқымыздың "Ұрлық түбі-қорлық" деген мәтелін еске алар болсақ елдің қаржысын талан -таражға салып, "бармақ басты, көз қысты" әрекеттерге баратын тұлғалардың ақыр түбінде тұтылатынын жоғары лауазымды тұлға да, қатардағы мемлекеттік қызметші де түсінуі тиістігі туралы Атырау сервис колледж "Студенттік парламент"білім алушылардың Өзін-өзі басқару ұйымының  Президенті Жасбагимбетов Ерасыл колледж студенттерімен дөңгелк үстел өткізді.