Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

2022 жылдың 16 наурызында "Отбасы және балалар" жедел профилактикалық іс-шаралар аясында КМҚК "Атырау сервис колледжінде" колледждің тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес  Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын-алу мақсатында Атырау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювиналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция   Майоры  Жарқынбекова Құралай Көсеубайқызы мен Атырау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювиналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы,полиция капитаны Карабаева Мөлдір Нұрланқызының қатысуымен  құқықтық семинар  ұйымдастырылды. Шараға колледждің студенттері қатыстырылды.

Мақсаты: Жасөспірімдерге Қазақстанда Салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес  жүргізу екендігін түсіндіру.