Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Атырау сервис колледжінің студенттері мен ұстаздары «өрт қауіпсіздігі және улы газдар уланудың алдын алу» атты акция жұмысына қатынасты.
📍 Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ҚР ТЖК Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Birgemiz:ÚMIT»жалпы ұлттық волонтерлік жобасы аясында 2020 жылдың 6 қараша күні қаламыздағы «BAIZZAR» сауда орталығы «Өрт қауіпсіздігі және улы газдар уланудың алдын алу» атты акция өтті.Акцияға қала тұрғындары және жастар қатынасты.
✅Акцияның мақсаты:Өрт қауыпсіздігі табиғи және улы газден уланудың алдын алу және өрт қаупі болған жағдайда адамдарды құтқару үшін үйлестірілген іс-шараларда, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету.
✅Атырау қаласы тұрғындары назарына «Birgemiz: ÚMIT»жалпы ұлттық волонтерлік жобасының еріктілері түсіндірме жұмыстарымен қатар алғашқы медициналық көмекті көрсетті:
-үйден шығарда газ бұрандамасын жауып шығу қажет екендігі;
-Балон мен газ ара қашықтығы жарты метр болуы керек екендігі;
-Газ баллонды өз бетінше ашып, өз бетінше жөндеуге болмайды туралы;
-Газ баллонды мөлшерден тыс жылы жерге қоймау керектігін қатаң бақылау керек екендігін Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бірлесе түсіндірді.
✅Республикамызда газдан улану оқиғаларының саны соңғы жылдары көбеюде.
✅Көп жағдайларда газдан улану газдарды, қазандықтарды дұрыс пайдаланбағаннан шығады. Мұндай жағдайда зардап шеккен адамға дәрігерден бұрын алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі маңызды.
✅Есіңізде болсын! Уланған адамды қауіпті жерден алып шығу барысында өзіңіз де уланып қалмау үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуіңіз керек.
✅ Ол үшін бет орамал арқылы дем алуыңыз, әрі тез әрекет етуіңіз керек. Көбінесе адамдар ұйқыда жатқан кезде газға қалай уланып қалғанын білмей қалады.
Осының бәрі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан, салғырт қарағаннан шығады!