Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Атырау сервис колледжінде 1 желтоқсан-Президент күніне арналып «Еліммен бірге Елбасы» атты мерекелік шара өтті.

Өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын патриоттық сезімге тәрбиелеу. Студенттер жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Мерекелік жиынға 1 курс студенттері қатысып, елбасына арналған өлең-жырларын оқып, ән шырқады. Атап айтсақ «Аспаз-48» тобының студенттері Зауытқали Сұлтан, Жакупова Әдемі, Шамеденова Айзада, Лимаров Ришат, «Тігінші-12» тобынан Қуандыққызы Аружан, «Наубайшы-8» тобынан Фарида елбасына арналған өлеңдерді жатқа айтып, «Аспаз-48» тобының студенті Рахымова Арайлым «Туған жер» әнін орындаса, колледждегі «Шаттық» би тобының биші қыздары «Қазақ» биін нақышына келтіріп билеп берді. Мерекелік шарада елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі, саяси қызметі туралы видеокөріністер көрсетілді.

 

.