Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Мемлекет басшысы мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұрағаттарға адал қызмет ету әрбір мемлекеттік қызметкердің ісі болып саналатындығын баса айтқан.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тапсырмасына орай жастардың бойына парасаттылық адалдық, әділдікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Атырау сервис колледжінде «Адалдық сағаты» өткізілді. Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Партриоттық  тәрбие қалыптастыру. Адалдық сағатына Атырау облысы бойынша арнайы мониторингтік  топ мүшесі Жеңісов Аслан Жеңісұлы және Атырау сервис колледж директоры Буревская Галина Саметовна қатысты. Адалдық сағаты әр топтарда, арнайы слайдтармен, жоғары дайындықпен, видео көрсету арқылы, сұрақ-жауап, дебат түрінде де өткізілді. Студенттердің «Адалдық сағатынан» үйренері көп болды.

.