Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Бүгін 2 қыркүйек күні Атырау сервис колледжінде  жалпы республикалық адалдық сағаты өтті.

Биылғы жылдың жастар жылы деп жариялануына орай ұйымдастырылған бұл тәрбие сағатының мақсаты; жас ұрпақты адалдыққа, сыпайылыққа, парасаттылыққа, әділдікке, сенімге, адами қасиеттерге тәрбиелеу. Сол арқылы әлемнің Қазақстанның облысымыздың және колледждің сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсы екендіктерін түсіндіру. Атырау облысы білім беру басқармасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығымен  әр оқу орнында аталған дәрісті бұл тақырыпқа қатысы бар арнайы топ өкілдері жүргізді.  Арнайы топ мониторинг мүшесі, колледж директоры Буревская Галина Саметовна, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Лұқпанова Динара Нұрланқызы және колледжіміздің ұлағатты ұстазы ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен ардагер ұстазымыз Зулифа Рамазанқызы баяндама жасады. Топ жетекшілері де осы тақырыпқа сай тәрбие сағаттарын өткізді. Елбасы мен Президенттің жемқорлықтың масштабын азайту туралы көтерген мәселесіне республика болып атсалыссақ, жұмыстар атқарсақ нұр үстіне нұр болар еді. Колледждегі «Саналы ұрпақ»  жобалық кеңсесі, Адалдық дүкені туралы да айтылып, жоба жетекшісі арнайы шарасын да өткізді. «Адалдық сағаты» жоғары деңгейде өтті. Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ!