Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Атырау сервис колледжінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік санасын қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» студенттік клубы жұмыс жасап жатыр. Клубтың жоспары жасақталып, клуб мүшелері сайланды.


«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылып, кеңсе жобаға сәйкес көрнекіліктермен безендіріліп, жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, «Адалдық  кафесі»  мен «Адалдық дүкені» ашылып, ережеге сай жұмыс жасап жатыр..  Колледж студенттеріне түсіндіру мақсатында топ сағаттары өткізіліп тұрады. Колледж қызметкерлері мен студенттеріне жемқорлыққа қарсы күресу үшін бірге атсалысулары керек екені түсіндірілді. 2019 жылдың 22 ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Саналы ұрпақ» жобасы бойынша «Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам» атты колледжде білім алып жатырған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі  студенттерге арналған қайырымдылық акциясы «Адалдық» дүкені мен «Адалдық» кафесінен түскен қаражат есебінен өткізілді.Акцияға  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Утешова Гаухар Қалиқанқызы қатысып , студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, оған өз үлестерін қосуға, білімді азамат, саналы ұрпақ-еліміздің болашақ екендігін айтып, колледж ұжымына шығармашылық табыс тіледі.  Колледжде жемқорлықпен күресу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта да осы бағыттарда  жұмыстарды жалғастырамыз.

.