Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Жаңалықтар

Атырау сервис колледжінде 28 қаңтар – 8 ақпан аралығында арнаулы пәндер бірлестігінің жетекшісі Каламкалиева Г.М-ның ұйымдастыруымен 0508000  «Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының 0508012 «Аспаз» біліктілігі бойынша Аспаздар онкүндігі өтті. Онкүндік ішінде әртүрлі іс-шаралар атқарылды: - арнаулы пән оқытушылары Есмагамбетова К.Т. «Салаттар мен тіскебасарларды әсемдеу және ұсыну» тақырыбында және Бусырманова Б.Е.«Классификация клубнеплодов» тақырыбындакәсіби модуль бойынша ашық сабақтарын өткізді;

Атырау облысы Білім беру басқармасының "Атырау сервис колледжі" КМҚК әкімшілігінде колледж қызметкерлерімен бірге "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Утешова Гаухар Казиханқызы қызметкерлерге дәріс оқып , сұрақтарға жауап берді. Колледж қызметкерлері ұсыныстарын ұсынды. 

Астана қаласында өткен "WordSkills   Kazakhstan -2018" Ұлттық  Чемпионатына 2018 жылдың 3-7  желтоқсанында ҚР Білім  және ғылым  министрлігі  мен "Кәсіпқор холдинігінің"   ұйымдастыруы мен өткен шараға Атырау сервис  колледжісінен  "Шаштараз" мамандығы  бойнша  3 курс  студенті  Нұрмұханова Назгүл - өндірістік оқу шебері  И.В. Есарева, "Аспаз" мамандығы  бойнша  Семгазиев Рустем өндірістік оқу шебері  Г.М. Каламкалиева,  "Наубайшы" мамандығы  бойынша  Жиенбекова Айдана  өндірістік оқу шебері Б.А. Махметова қатысып,  өз шеберліктерін көрсетті.  "WordSkills   Kazakhstan -2018" Ұлттық  Чемпионаты өз мәресіне жетіп   Атырау сервис колледжісінің студенті  Нұрмұханова  Назгүл  "Шаштараз  өнері" құзыреттілігі бойынша  І дәрежелі  дипломмен  марапатталды. 

1 желтоқсан Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш Президенті  күніне арналған   "Наубайшы -6" тобының ұйымдастыруымен  "Елімен  бірге Елбасы" атты мерекелік шара өтті.

Worldskills Kazakhstan  ұлттық  чемпионаты  Астана қаласында өтіп  жатыр.   Байқауға  Атырау сервис  колледжінен Нұрмұханова  Назгүл,   Жиенбекова  Айдана,  Семгазиев Рустем,  студенттері  қатысып, өз бақтарын сынауда.

"Жас Өрен" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен этносаралық келісімді нығайту мақсатында  өткен  "Тіл -ел тұтастығы " көркемсөз шеберлері фестиваліне "Шаштараз-8" тобының 2 курс студенті Босс Кристина қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі   Беккалиева  Гүлзия  Беккалиевна .

"Тігінші - 11" тобымен жастар ұйымының ұйымдастыруымен мұғалімдер мерекесіне орай "Ұстаздар ұлы тұлғалар" атты мерекелік кеш өтті.