Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Жаңалықтар

Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау облысы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Тал егу» атты акциясына қатысты.

   Атырау облысы мәдениет және архивтер құжаттама бөлімінің ұйымдастыруымен «Оюлар әуенінің сыры» атты халықаралық көрме өтті. Көрмеге Атырау сервис колледжінің «Тігінші» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.

Атырау  сервис колледжінде  Самғау-жастарды оқыту, жұмысқа орналасу және лайықты еңбек ету құзыреттіліктерін дамыту тренингі өткізілуде. Тренинг мақсаты болашақта колледж түлектерін жұмысқа орналасу онда адал еңбек етуге тәрбиелеу. Самғау тренингінің тренері- Жолдасова Нурлы Кулгалиқызы.

Тусипова Тілекші Әдебиетқызы «Қазақстан тарихы» пәнінен дәріс беру үстінде. ПМ-9 тобы 1курс студенттері Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтар туралы сұрақ-жауап алуда.

Атырау сервис колледжінде биылғы жылы 11 қарашада Астана қаласында өтетін  «World skills -2019  Қазақстан» Республикалық байқауына дайындық жасалу үстінде. Оған 3 курс студенты Боранкулова Альбина қатынасады.  Өндірістік оқу шебері Махметова Баян Адайбекқызы ұннан жасалатын тағамның түрлерімен таныстырып, әртүрлі формада өнімдер жасауды үйретуде.

Бүгін 2 қыркүйек күні Атырау сервис колледжінде  жалпы республикалық адалдық сағаты өтті.

Атырау сервис колледжінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік санасын қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» студенттік клубы жұмыс жасап жатыр. Клубтың жоспары жасақталып, клуб мүшелері сайланды.