Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Жаңалықтар

Бүгін яғни 2019 жылдың 06 желтоқсанында Атырау сервис колледжінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай адалдық, парасаттылық және әділдік тақырыптарында «Болашағым өз қолымда!» тақырыбында жетім балалардың болашақта армандайтын мамандықтары бойынша бір күндік экскурсия өтті.

25 қараша 2019 жылы, Ұлттық Аккредиттациялау Орталығының ұйымдастыруымен,  Атырау сервис колледжінің ұжымына институционалды аккредитациялау жөнінде семинар өткізілді. Семинар барысында өзін-өзі бағалау бойынша стандарттармен таныстырылып, толық ақпарат берілді.

Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Атырау сервис колледжінде «Заманауи Қазақстан, Елбасының көшбасшылығы сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.

27-ші Қараша күні 1-Желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында Н-8 тобына тәрбие сағаты өткізілді.

Атырау сервис колледжінде 1 желтоқсан-Президент күніне арналып «Еліммен бірге Елбасы» атты мерекелік шара өтті.