Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

 

жүргізіледі.Қабылдау комиссиясының шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Қабылдау комиссиясының шешімі отырысқа қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады.Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы қайта қаралады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес аттестаттың орташа конкурстық балын және бейінді пәндер балын көрсете отырып, абитуренттердің тізімдік құрамын қалыптастырады. Талапкерлер үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген, Білім туралы құжатқа сәйкес орташа конкурстық балл көрсетілген према квотасы қарастырылған. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда қабылдау квотасы көзделеді:

-I,II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар үшін -1

- Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін -0,5

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін -2

- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-1 .

Қабылдау комиссиясы талапкерлердің тізімдік құрамын білім беру ұйымдарының сайтында аттестаттың орташа конкурстық балын және бейінді пәндер балын көрсете отырып орналастырады.

 

2.2 Колледжге  оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау портал арқылы Ереженің 9,9-1,9-2 9-3,9-4  пункттеріне  сәйкес жүзеге асырылады:

1)жаппай кәсіптер және неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша,

20 маусымнан 27 тамызға дейін

2) оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішке "денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген), І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін 088-у нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік , денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 6 фотосурет 3*4 өлшемдегі 6 фотосурет.

 

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі-портал) жүгінеді және "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады"

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

Оқуға түсу үшін құжаттарды оқуға түсушінің өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

Қабылдау квотасы көзделген білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдар санатын растайтын құжаттарды ұсынады.     

Ескерту. Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды-ҚР Білім және ғылым министрінің 2002.05.12 N 197 бұйрығымен.

 

9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш түскен күні құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Қағидаларға сәйкес қолхат береді.

Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды-ҚР Білім және ғылым министрінің 2002.05.12 N 197 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

9-2. Құжаттарды Портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында берген жағдайда жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды-ҚР Білім және ғылым министрінің 2002.05.12 N 197 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

 

9-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды-ҚР Білім және ғылым министрінің 2002.05.12 N 197 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

9-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

2.3 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар мәртебесін анықтайтын құжатты ұсынады:

 

1)шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2)азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі ;

3)босқын-босқын куәлігі;

4)пана іздеуші тұлға-пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман-оралман куәлігі.

9)түсушілерден өтініш тіркеу журналына тіркеледі.

 

2.4 кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орнына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері)немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын (ҰБТ-ға қатысқан ағымдағы жылдың түлектері) ұсынған тұлғалар орташа баллға және аттестатқа сәйкес конкурсқа жіберіледі.

2.5 колледжге ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаларды оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның таңдалған мамандық бойынша оқу үшін қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытындысын ескере отырып, заңды өкілдерінің бірінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

 

2.6. Жекелеген мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі орындалмаған жағдайда,қабылдау комиссиясы талапкерлерді қосымша конкурс өткізу туралы хабардар етеді.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген талапкерлер өтінішті білім беру ұйымының электрондық поштасына жібереді.

 

2.7. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнайы әңгімелесудің нәтижелерін бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу,түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында аппеляциялық комиссия құрылады.Апеляциялық комиссияның құрамына аппеляциялық комиссияның өкілі,хатшысы,мүшелері кіреді.Апеляциялық комиссияның жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы 26,27,28 тармаққа сәйкес жүзеге асырылады.

1) әңгімелесу нәтижелерімен келіспеген тұлға апеляцияға өтініш бере алады.

 

2)апеляцияға өтініш әңгімелесу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін апеляциялық комиссияға беріледі .

2.8. Апеляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады.Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы.Комиссияның жұмысы комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.

3.Білім алушылар құрамына қабылдау:

1) жұмысшы кәсіптері бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау 27 тамызда негізгі орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды ескере отырып іріктеу негізінде жүргізіледі,орта білім базасында қабылданған жағдайда ҰБТ сертификаттарының балдары ,аттестаттың орташа балдары негізінде жүргізіледі. Бейіндік пәндер бірдей балл болған жағдайда, аттестаттың орташа балы есептеледі.

2) Қабылдау шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайындалған азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

3.2.Білім беру ұйымдарына қабылдау Қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар бойынша бөлек жүргізіледі.

 

 

Атырау облысы Білім Беру Басқармасының «Атырау сервис колледжі» КМҚК бойынша  2020-2021 оқу жылына қабылдау жоспары

Код Мамандық атауы

Біліктілігі

Орын

саны

9 -11сынып базасында

Оқыту мерзімі

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

Оның ішінде орыс тілінде оқытатын

9

11

1

2

3

4

5

6

7

8

0506000

«Шаштараз өнері  және сәндік косметика»

0506012 «Шаш үлгілерін жасаушы»

25

25

-

2 жыл 10 ай

 

Орыс

0508000

«Тамақтануды ұйымдастыру»

0508072 «Метрдотель»

0508012- «Аспаз»

0508022 «Кондитер»

 

 

50

25

 

 

 

75

-

2жыл 10ай

 

 

Қазақ

 

 

 

Орыс

0507000

«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»

0507053 «Әкімшілік»

25

25

-

2жыл 10ай

-

Орыс

1211000

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

1211062 «Тігінші»

25

25

-

2жыл 10ай

Қазақ

-

1211000

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін (орта білім берілмейді)

1211062 «Тігінші»

10

10

-

2жыл

Қазақ

орыс

1219000

«Нан пісіру өндірісі, макарон өндірісі және кондитер өндірісі»

1219142 «Наубайшы»

25

25

-

2жыл 10ай

Қазақ

-

1219000

«Нан пісіру өндірісі, макарон өндірісі және кондитер өндірісі»

1219142 «Наубайшы»

25

-

25

10 ай

Қазақ

-

 

Барлығы

210

185

25

 

 

 

 

 

 




Атырау білім беру басқармасының

Атырау сервис колледжі КМҚК ішкі тәртіп ережесі

 

*Колледжде оқу барысы белгіленген тәртіппен бекітілген оқу жоспарымен және бағдарламаға сәйкес кесте бойынша өткізіледі.

*Сабақтың басталғандығы және аяқталғандығы туралы оқытушылар мен студенттерге қоңыраумен хабарланады.

*Қоңыраудан соң кешігіп келген студент колледжге жауапты кезекшінің рұқсатымен жіберіледі.

*Кез-келген себеппен сабаққа келмеген студенттер келесі күнге дейін өндірістік оқыту шеберіне немесе топ кураторына келмеу себебі жөнінде түсініктеме беріп хабарласуы тиіс.

*Студенттер тәртіпті қатаң сақтауға,ұқыпты жүруге, белгіленген ортақ форманы (үсті ақ,асты қара) киюге міндетті.Оқу ғимараты ішінде бас киіммен жүруге тыйым салынады.

*ҚР демократиялық,зиялылық,элитарлық және құқықтық мемлекеттің азаматына лайық ұқыпты киініп,колледж формасын сақтап,оның түр-тұрпатын қазіргі заманға сай ұстау қажет.

- Бекітілген студент формасы:

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак , жилет , шалбар. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қысқы мезгілде : трикотаж , жилет , водолазка.

Қыздарға мектеп формасы: Пиджак , жилет , белдемше. Қыздардың белдемшесі тізеден 10см түсіп тұруы тиіс. Қысқы мезгілде: трикотаж , жилет ,сарафан , водолазка.

* Колледж ғимаратында және оның аумағында темекі тартуға қатаң тыйым салынады.

*Студенттер өзара қарым-қатынас мәдениетін сақтап,оқыс сөз айтпау керек.

*Студенттерге сабақтың кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады.

*Студенттер колледж мүлкіне ұқыпты  қарауға және еден жуушылардың еңбегін құрметтеуге тиісті. Колледж белгілеген уақыт аралығында студенттің ауыстыратын аяқ киімі болу керек.

*Студенттердің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық сабақтарына сай формасы болу қажет.

*Студенттер белгіленген заңдылыққа сәйкес колледж Жарғысын,оқу күнінің тәртібін бірыңғай педагогикалық талаптарды және басқа да талаптарды сақтауға тиісті,сақтамаған жағдайда, студенттерді колледжден шығаруға дейін тәртіптік шара қолданылады.

ҚР Конституциясының 1 бабы, «Білім туралы» заңның 28 бабының 3 тармағы, 47 бабының 15,1 тармағы,Колледж Жарғысының 10 бөлімі негізінде және педагогикалық кеңестің 2013 жылғы 28 тамыздағы отырысы шешімімен жасалды.

 

 

 

Осы аталған міндеттерге келісемін                   

 

«_____» _______________ 2020 ж. Қолы ______________

 

 

Ережеге өзгерістер енгізіледі.