Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Бекеш Әліпқали Шамжанұлының 80 – жылдығына арналған

«Ғибратты ғұмыр атты сырласу кеші»  

 

Халқымыз қашанда «дария көңіл кең кеуде»қарттарымен мақтана білген. Ортада жүрген қарияларымыздың кезіндегі елі,халқы үшін жасаған  игі істері олардың өмір жолдары- бүгінгі ұрпаққа баға жетпес қазына.

 

Олай болса өскелең ұрпаққа осындай «қазына» сыйлаған қарттарымыздың бірі:  «Кәсіптік техникалық білім беру саласының үздігі», «Жаңғырған жаңа Атырауға -15 жыл» құрметті төс белгінің иесі, «Атырау қаласының құртетті азаматы», « Ардагерлер қозғалысының Құрмет белгісі»медалінің, жеңістің 70 жылдығы  медальдарының,сонымен қатар мемлекет тарапынан бірнеше медальдар мен құрмет,  мақтау  грамоталарының, қала,  облыс әкімдігі және қоғамдық ұйымдардың шешімімен Елбасының жарлығымен тағайындалған «Мерейлі отбасының» отағасы, бүгінгі күні «Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің» төрағасы ,қарттарға  қамқоршы, жастарға  жол сілтеуші кешіміздің құрметті қонағы   80  жастың  иесі-Әліпқали Шамжанұлы ағамыз бен  Қазира жеңгеміздің өмір жолына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты сырласу кеші.

 

Әліпқали Шамжанұлының саналы еңбек жолын  сонау 1957 жылдан бастап зерделесек : 60 жыл үнемі іздену, күресу, алға басу,еңбектен қол үзбей жүріп білімін жоғарлату, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, жолдастарына , ағайынға  қамқорлық,адалдық сияқты адами қасиеттерді бойына сіңірген ардақты азаматтың еңбегі қалай дәріптеуге тұрарлық .

 

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады

 

Көңілді күндер тусын алдан әлі

 

Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер

 

Бүгінгі күн Әліпқали аға,  Қазира жеңге ,Сіздерге арналады

 

 

 

1.Әліпқали Шамжанұлы -Бала кезіңізде төрге жайғасқан үлкен кісінің қолына су құйып, әңгімесін тыңдап сол  кісілердің өзіндік мақамына  небір оқиғаларды қаз қалпында көзге елестете жеткізген әңгімелердің әсерінде ержеткеніңіз белгілі. Соғыс жылдарында туған елдің күйзелген шағын жадында сақтаған балалардың біреуі өзіңіз, өмірдің ащысы мен тұщысын көру қиындыққа қайыспауға, барды қанағат етуге үйреткені шындық

 

 «Отбасына қарап бала өсер ,қарағайға қарап тал өсер» дегендей өмірде  осындай биіктерді бағындырған тұлға ретінде қалыптасуыңызға әрине отбасыңыз бен,туған жер, өскен орта  әсері болған шығар сол жәйлі айтып кетсеңіз:::::

 

Әліпқали аға –«Әрбір мықты ердің артында ақылды әйел тұрады» дегендей 5 баланы дүниеге әкеліп,олардың әрқайсысына  тағлымды тәрбие бере алдыңыздар.

 

Сіздің зор беделге ие болуыңызға жеңгеміздің қосқан үлесі бар екені даусыз.   Аға ,«Жақсы жар жан шуағы»дегенді қалай түсінесіз.......

 

1.Асыл жар аяулы жар ,құдай қосқан

Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан

Жаратқан ұлда берді, қызда берді

Көкте күн, жерде біздер шуақ шашқан!!!!!

 

Қазира апа Сіздердің отбастарыңыз «Мерейлі отбасы » атағына ие болғандарыңыз белгілі осыған орай Сізге бір сұрақ қойсам деп едім,«Ұлы бар үйде қуат бар , қызы бар үйде шуақ бар» дегендей отбасында ұлда, қызда тәрбиеледіңіздер енді осы отбасындағы талапшыл басшы ағамыздың өмірлік ұстанымы қандай еді?.........

 

  1. Қазақ халқында 80 асқан жандарға арналған «Мың айдың жүзін көрген пендеге  жұмақтың жеті есігі ашық!» деген даналық сөз бар.Сіздер салмақты да сабырлы мінездеріңізбен,еңбек ардагері, ардагер ұстаз атанып, еңбек демалысына шықсаңыздарда , жастарға жол көрсетіп, тәлім тәрбие беруден жалыққан емессіздер.Сонымен қатар замандастар мен бауырлардың құрметіне бөлене отырып,ағайын-туыс, құда -жекжат арасында шын жанашыр, ақылшы болып жүргендеріңіз белгілі.Осыған орай сіздер осы күні жастардың «уақыт жоқ «-деп ата аналарына , ағайын тумалардың халін сұрауға  уақыт таба алмай жататыны белгілі осы жағдайлар туралы не айтар едіңіздер.

 

 

 

 

Атадан қалған мол мұра

Әр үйде бір бір домбыра

Босамасын ішегі

Құлағын күйге оң бұра

Тартшы қалқам бір күйді

Көкейіме қондыра

 

 4.Ұстаз жұмақ- мен шуақ саябағы

Ұстаз шырақ, мен сұрақ санадағы

Ұстаз теңіз мен қайық тербетілген

Ұстаз бұлақ, мен құрақ жағадағы

 

деп ақындар жырлағанындай  -Әліпқали аға  кәсіптік техникалық білім беретін училищеде аға шебер болып ұстаздық еңбек жолыңызды бастағаныңыз белгілі , сол  басшылық қызметте жүрген кездеріңізді бір еске түсіре отырып, бүгінгі «білім берудегі өзгерістерге» өз ойыңызбен бөлісіп отырсаңыз......

 

5.Бүгінгі мерей тойға арналған «сырласу кешіне» қуанышымызды бөлісу үшін келген қонақтарды таныстыра отырып, сол кісілерге сөз кезегін берсек: бүгінгі кездесуге  «Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің» орынбасары, өзіңіздің замандасыңыз,үзеңгілес әріптесіңіз -Абат Кежеғалиұлы келіп отыр.

 

Тарихы тереңнен басталатын оқу орны  елімізге қажетті химия саласының мамандарын даярлап  түлетіп ұшырғаны белгілі  химия училищесінде  қызтет еткен 1986-1990жылдарда  сіздің басшылығыңызбен  еңбек еткен  ардагер ұстаздарымыз бүгінгі күні   ортамызда отыр , атап  өтетін болсақ:

 

солардың бірі 40 жылдан астам «Кәсіптік білім беру саласының үздігі», еңбек жолын ұстаздықтан бастап,облыстық  білім беру басқармасының орынбасары  лауазымына дейін көтеріліп, зейнеткерлікке шыққан,  ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың  иесі, –Искужиев Серік Батанұлы,

 

Сонымен қатар  осы училищеде ұстаздық еткен: математика пәнінің оқытушысы-   Габдуллина Зулипа Рамазанқызы

 

Өндіріс шебері сол кезде  Кузнецова Вера Николаевна қазірОсадчьева Вера Никалаевна

 

Физика пәнінің оқытушысы-Якимидия Татьяна Федоровна

 

Аспазшы –Сырымова Назира, бүгінгі күні директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары

 

Досымова Вера қызметкер осы залда отыр.

 

олай болса тілекті жалғастыруды - Абат Кенжеғали ұлы және Серік Батанұлы мен  Габдуллина Зулипа Рамазанқызына  

 

6.Құрметті  Әліпқали  Шамжанұлы  Сіз салған сара жол ұстаз жолы –ұлы жол .Өткен жолдарыңызға көз жіберіп еске алар қызықты сәттерді  әңгіме қылсақ бұл кештің аздық ететіні сөзсіз.

 

Келесі сөздің ретін Әліпқали Шамжанұлы өзіңіз ең алғаш тәлімгері болған және осы кісінің бойынан іскерлік қабілетін байқап, жауапты жұмыстарға жіберуге түбегейлі сенім білдіріп, өмір жолына ең алғаш жолдама берген ,40 жылдан астам уақыт «Кәсіптік білім беру саласының» майталманы, «ұжымда дұрыс еңбек жағдайын жасай отырып,еңбек өнімділігін арттыруды»- мақсат етіп қойған,аңғарымпазда, сергек, білгір маман,    көреген басшымыз  ---- Буревская Галина Саметовнаға сөз кезегін береміз..........  

 

Құрметті бүгінгі кештің қадірлі қонақтары -Әліпқали Шамжанұлы  мен Қазира апай,құрметті қонақтар мен ұстаздар!!!!

 

Бүгінгі әдемі сырласу кешін Қ Мырза әлінің мына бір өлеңімен аяқтағанды жөн көрдім:

 

Бақыт деген батырдың пырағында

 

Бақыт деген-бұқараның ұранында

 

Бақыт деген-Өзіңнің босағаңда

 

Бақыт деген-жағылған шырағыңда

 

Бақыт деген- досыңның табанында

 

Бақыт деген-домбыра шанағында

 

Бақыт деген-жарыңның жанарында

 

Бақыт деген-халықтың қабағында...

 

.....дегендей бүгінгі біздің кешіміздің кейіпкерінде   осы қадір қасиеттің бәрі бар «бақытты адам» десек жаңылмаймыз..

 

Бүгінгі кештің қонақтары Әліпқали ағамызға   келіп жеткен мерейлі жасыңыз  шаңырағыңызға береке бірлік әкеліп, тек жағымды жаңалықтармен қуантып, ұрпақтарыңыздың жақсылығын көріп Алла берген ғұмырды молынан жасай беріңіздер деп тілек айтамыз.!!!!!