Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Бүгін яғни 09. 12. 2019 жылы Атырау сервис колледжінде Атырау облысы дін істері барқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастар ортасында діни радикализм идеологиясының таралуын алдын алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шараларды өткізу» жоспарына сәйкес, «Не? Қайда, Қашан?» атты жастар арасында өткізілетін интеллектуалдық сайыс өтті.

Мақсаты: арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері мен жалпы жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеу, қазақстандық патриотизмді, төзімділік пен өзара келісімді насихаттау, қоғамдық өмірге бейімдеу. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысушылар орындармен және арнайы сыйлықтармен мараптатталды.