Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

ЖАСТАР ҰЙЫМЫ

 Атырау сервис колледжінің Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинетінің ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер мерекесі күніне арналған «ALTYBAKAN fest» тақырыбында өткен облыстық шараға қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Атырау сервис колледжінде мұғалімдердің төл мерекесіне орай «Ұстаздар асыл жандар» атты мерекелік шара өтті. Шараға колледждің еңбек демалысындағы зейнеткерлер шақырылып, оларға сый – сияпат көрсетілді

Жастар ұйымының ұйымдастырылуымен студенттер арасында «Талантыңмен таныл» атты концерттік бағдарлама өтті. Мақсаты: студенттердің бойындағы өнерлерін танытуына септігін таныту. Бұл шараға 1 – курс студенттері қатысып, өз өнерлерін жан – жақты көрсетті.

Атырау сервис колледжінің КДМ-жастар ұйымынын көшбасшы Құрманова Нурия Жәнібекқызы КДМ-нің мүшелерін яғни министрлерін сайлау жөнінде сараптамалық жиналыс өтті.Сайлау қорытындысында Атырау Сервис Колледжінің «Аспаз-35» тобының 3-курс студенті Құсайынов Райымбек Жақсылықұлы – Атырау Сервис колледжінің көшбасшысы болып сайланды.Сол сайлауға колледждің жас абитуренттері қатысты.Сайлау жақсы нəтижеде өтті.Көшбасшының осы жылғы мақсаты - колледждің жас абитуреттерінің бойындағы өнерлерін шығару. Колледж жастарының мақсаты-айқын,арманы - асқақ!..