Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

ЖАСТАР ҰЙЫМЫ

Бүгін яғни 09. 12. 2019 жылы Атырау сервис колледжінде Атырау облысы дін істері барқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастар ортасында діни радикализм идеологиясының таралуын алдын алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шараларды өткізу» жоспарына сәйкес, «Не? Қайда, Қашан?» атты жастар арасында өткізілетін интеллектуалдық сайыс өтті.

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелрі басқармасының қолдауымен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынында атырау сервис колледжінің студенттері өз тапқырлықтары мен ойларының ұшқырлығын көрсетіп алғыс хатпен марапатталды.

Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау облысы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Тал егу» атты акциясына қатысты.

30 қыркүйек күні арнаулы техникалық оқу орындарының арасында «Жер-біздің ортақ үйіміз» атты театрландырылған қойылым байқауы өтті. Мақсаты: студенттердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, мәдени ұрпақтың дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық сауаттылығын дамыту.