Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Бүгін 2020 ақпанның 13-і күні Атырау сервис колледж директоры Г.С. Буревскаяның бастамасымен өзін-өзі тану «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспары бойынша «Жүректен жүрекке» Қайырымдылық акциясын ұйымдастырып Атырау облыстық қарттар үйіне барып, жүрекке жылы сөз айтып,  өнерлі студенттерімізді алып концерттік бағдарламамен барып және шаштараз және маникюр мамандықтары бойынша 1 курс студенттері қариялардың шаштарын үлгілеп, тырнақтарын әрледі. Ал аспаз мамандығы бойынша студенттердің өз қолдарынан дайындаған тәтті бөлкелерін қарияларымызға ұсындық. Ол кісілер студенттермен би билеп көңіл көтерді. Еліміздің қазыналары қарияларымыздың баталарын алдық. Өскелең ұрпаққа аға буыннан тәлім болсын деген бағытта жасаған игі ісіміз жалғасын табады деген сенім білдіреміз.