Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Тәрбие жұмысы

Атырау сервис колледжінде жастар ұйымының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»  атты мерекелік шара өтті.

Бүгін яғни 2019 жылдың 06 желтоқсанында Атырау сервис колледжінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай адалдық, парасаттылық және әділдік тақырыптарында «Болашағым өз қолымда!» тақырыбында жетім балалардың болашақта армандайтын мамандықтары бойынша бір күндік экскурсия өтті.

18 қараша күні Атырау сервис колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы!» Ұлттық бағдарламасы аясында «Өз мәртебеңді біл!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Атырау сервис колледжінің студенттеріне өткен кездесуі Қазіргі таңға қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтрлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде.

Атырау облысы Білім беру басқармасының "Атырау сервис колледжі" КМҚК әкімшілігінде колледж қызметкерлерімен бірге "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Утешова Гаухар Казиханқызы қызметкерлерге дәріс оқып , сұрақтарға жауап берді. Колледж қызметкерлері ұсыныстарын ұсынды.