Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

2020 жылдың 23 ақпанында Атырау сервис колледжінің кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен Ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты байқау өтті.Байқауға 1-2 курс студенттері қатысты. Байқауда ақиық ақынның өлеңдерін, еңбектерін және ақын туралы өздері өлең шумақтарын шығарған болатын.Байқау керемет өтті. Алғырлықтарымен көзге түскен жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, арнайы сыйлықтар алды.

View the embedded image gallery online at:
https://atrservice.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeIdc9a86a8817


«Атырау сервис колледжі» кітапханасы 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент - Елбасының рөлі» атты өнеге сағатын ұсынады.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан елінің дамып,жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Бүкілхалықтық сайлауда бірауыздан ел Президенті атанды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие.

View the embedded image gallery online at:
https://atrservice.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId8d629de8dd


Атырау сервис колледж кітапханасында  

«Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығына»  орай  Тігінші-15 тобы студенттерінің қатысуымен онлайн бағытында көрме өткізілді.

 

Мақсаты: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп,  ғұламаның жаң-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.

 

Тәрбиелік мәні: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

 

Көрнектілік: Әл-Фарабидің портреті,слайд, нақыл сөздері,кітап көрмесі

 

View the embedded image gallery online at:
https://atrservice.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeIdb46e13f0ab

 


«Елбасы – кемеңгер көшбасшы»

27-ші Қараша күні 1-Желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында Н-8 тобына тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Бұл мерекенің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін насихаттау, елбасының өмірбаянымен, балалық шағымен, бойындағы асыл қасиеттерді, басшылық жолындағы жетістіктерін дәріптеу. Студенттер өз ойларын ортаға салып, жан-жақтылық, белсенділік таныта білді, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзия Бекқалиқызы қатысып студенттерге кеңінен ақпарат берді.

Тақырып аясында библиографиялық шолу жасалып, студенттерге елбасының кітаптарынан көрме жасалды.

View the embedded image gallery online at:
https://atrservice.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeIdcb03e89910
.

 

 


 

13-қараша күні Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл толуына орай «Халқым деп соққан жүрегі – Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл» тақырыпта әдеби  кеш өтті. Кешке АС-47 тобының студенттері қатысып, сабаққа деген қызығушылықтарын, өз ойларын білдіріп, жан-жақтылық танытты.

Сабақтың мақсаты:

Cуреткер – жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, жазушының азаматтық тұлғасы, туған халқына, оның әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегін оқушыларға түсіндіру, «Ақбілек», «Қартқожа» романдарын

негізге ала отырып, шығарманы кеңінен таныстыру. Кеш  соңында тақырып аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, студенттер кітаптармен танысып, библиографиялық шолу жасалды.

View the embedded image gallery online at:
https://atrservice.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId7033367399
.


20-шы Қыркүйек күні колледж кітапханасында «Латын әліпбиі – жарқын болашақ кепілі» атты АС-47 тобының студенттеріне сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Студенттерге латын әліпбиінің маңыздылығын түсіндіру, студенттердің өз ойларын білу арқылы білімге деген ұмтылыстарын байқап, тілге деген түсініктерін одан әрі тереңдету. Сайысқа студенттер өте белсенді қатысып, әр кезеңнен сүрінбей өтіп, өз тапқырылықтарын байқатып «Жалын» тобы I – орын, «Қыран» тобы II-орын «Тұлпар» тобы III- орынды иеленіп, студенттерге сайыс соңында дипломдармен марапатталып, кітаптар сыйлыққа берілді.

    Сайыс соңында тақырып аясында кітап көрмесі ұйымдастырылп, студенттер кітаптармен танысып, библиографиялық шолу жасалды.

View the embedded image gallery online at:
https://atrservice.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeIdd7631041ce
.


Атырау сервис колледжі кітапханасында 15.09.2017жылы  мерейлі отбасы күніне орай Отбасы - ұлттың тірегі атты тақырыпта  студенттер және мұғалімдерімен өткен диспут сабақ.

 

Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын,ақыл-ойын,адамгершілігін,мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.Отбасы-өте қажетті,басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім- жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен туындайды.   Сол себебті де біз отбасынОтанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

 

«Әке-асқар тау,

        Ана-етегіндегі бұлақ,

           Бала-етегіндегі құрақ»

 

-деп тегін айтпаған болар.Ата-анасын,аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам,менің ойымша,болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне,оның дамуына көп септігі тиетініне күмәнданбаймын.

 

Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады.Менің анам бізге қыз балаға нәзіктікті,ең бірінші  «әкелеріңді сыйлаңдар,ренжітпеңдер,деп айтып,әкені жалпы ер адамды сыйлауды үйреткен.Отбасының ең маңызды қызыметтерінің бірі-тәрбиелеушілік міндеті,оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды.Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес,сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру,үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу,бойына сіңірту,яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

 

Ата-ананың,басқа да отбасы мүшелерінің сүру тәжірибесі,жүріс-тұрысы,өз міндеттерін таза атқару,бір-бірін құрметтеп сыйлауы-бәрі де үлкен мектеп,тәрбиелік мәселе.

 

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасылымдықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі,алдын кесіп өтпеуі,үлкен тұрып кішінің ,әке тұрып ұлдың,шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз.Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі,қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.Отбасы-сыйластық орнаған орта,кішкентай Отан. «Отан-от басынан басталады»дегендей отанды сүю-отбасынан басталатыны рас!Себебі,отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқыұжымы.Оның ер жетіп өсуі,бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады,сондықтан да туған үйдің жылуы-оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде қалады.Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп,не болмаса ата-ананың,баланың,міндетін атқару ғана емес,береке-бірлік,сүйіспеншілікпен араласса,босағасы берік,шаңырағы биік отбасына айналары сөзсі

 

 

 

Ендігі кезекті оқушылар біз сіздерге береміз, яғни өз ойларыңызды ортаға салып,ат салыса отырыңыздар.Мысалы:Жанұяда неше бала бар?Ата-анаңның жасы нешеде?Отасқандарына неше жыл болды?Өздерің болашақта қандай ата-ана болуды армандайсыздар?Бала тәрбиесіне қалай көңіл бөлер едіңіздер?Осы мамандығыңызды өзіңіз таңдадыңызба?-деген сұрақтарға 1курс аспаз мамандығы бойынша оқитын оқушы Қабіжан Ақбөбек жауап берді.Ақбөбек отбасында бала тәрбиесі болашағы маңызды-дей отырып,қазіргі болып жатырған жанұядағы бала өміріне салғырт қарауы ата-ана тарапынан үлкен қателік содан келіп бала психикалық  ауруға  ұшырайды.Сондықтан ата-ана баласы не істеп жүргеніне ден қойса,өмірде орны толмас өкініштер жағдай азая ма еді?-деген ойын аятады.

 

-Ақбөбек, дұрыс айттың бұл өмірде жанұяда бала тәрбиесі ең маңызды міндет дедік,ал сол алтын діңгегімізде келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.Өмірдің небір жағдайына,тауқыметіне байланысты,жанұяда жанжал ұрыс-керіс ақыры аяғы шаңырақ шайқалуға апарып,жанұяны сақтай алмау жағдайлары кездесіп жатады.Осыған байланысты,бала өмірі,оның психикасы жараланады.Өз өміріне балта шапқан ата-ана салдырынан бала үкімет тарапынан қаморлыққа алынады.Осындай қателітер орын алмас үшін,адам жасынан өз-өзін тәрбиелеу керек.Қазіргі оқып  жатқан  мамандығыңды дұрыс игер,ол сенің болашақта жейтін наның.Халық сөзіне сүйенсең,бірінші жар таңдаудан,екінші мамандық таңдаудан қателеспеу өмір сатысы.Үй сал,тал ек, перезент өсір. Бойына жастайынан сабырлылық,инабаттылық байлығын сіңірсе,адам баласы өз тағдрына жақсы үлес қоса алады- деп ойлаймын...        Ой  қортындысы,«Отбасының жемісі-тәрбиелі ұл мен қызы»-деген,мақтан етер ұрпағымыз көбейсін.Ұрпағына мақтаныш болар қазналы қарттарымыз көп болғай.Қазақтың әр отбасының керегесі кең,шаңырағы берік,еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!