Кәсіби бағдар беру

Атырау  қаласындағы Атырау облысы Білім беру басқармасы КМҚК «Атырау сервис колледжінде» сәуір айының  18-28 күндері айтулы күнге айналды, себебі осы уақытта мектеп ата-аналары мен оқушылары  үшін өз есігін колледж  айқара ашып,  «Ашық есік күндерін» өткізілуде.

 

Ашық есік күндері  8,9,11 – сынып оқушылары, ата-аналары, оқытушылары  колледжге   келіп, «Ас адамның арқауы » деп аталатын құнды шеберлік сағаттары өткізілді. Барша келген қонақтарды тәнті еткен колледж өндірістік оқыту шеберлері қолдарынан шыққан жәрмеңкеге шығарылған алуан түрлі тәттілер ерекшеліктеріне көз жеткізді.

Статистикалық мәселеметтерге сүйенсек, 9-сынып оқушыларының ата-аналарының қызығушылығы басым болды. Бұған ата-аналардың үміт еткен көзінің нұры болып табылатын балаларының жаңа ортада оқып, білім алуы себеп болды.

 

Ашық есік күндерінің бағдарламасы пайдалығымен ерекшеленді. Келген оқушылар, Ата-аналар, мұғалімдер ашық есік күніне қатысып қана қоймай, Мукашева Зоя Насиполлақызы өткізген «Үгілмелі қамырдан сүтті коржик» тақырыбындағы, Джайлауова Асел Елубайқызы «Тіскебасарлар» тақырыбында, Утепкалиева Райхан ашытқылы қамырдан «Сенабоне»тақырыбында, ал Тасимова Айгерім «Сүтті капкейк» тақырыптарында өткізген   шеберлік сағаттарында өздері де жасалатын тәттілердің дайындалу жолдарымен танысты. Кітапхана қызметкерлері де шарадан қалыс қалмай, ата-аналар үшін тиімді болып табылатын  құнды дүниелерді, сарқылмас қазына кітаптарды таныстырып өтті.  Сонымен бірге ата-аналар мен оқушылар және мектеп мұғалімдері колледждің тыныс-тіршілігімен таныстырылды. Шара соңында қатысушы ата-аналардан сауалнама алынып ашық есік күндері іс-шарасының жұмысы бағаланды. №40 мектептің мұғалімдері 9 сынып жетекшілері Шабдирова Гүлайым Мұқанқызы және Қабдолова Маргарита Балтабайқызы, сонымен қатар 9 мектептен келген ата-ана да өз кезегінде колледж жұмысына ризашылығын білдірді. Қатысушы ата-аналар және мектеп мұғалімдері осы колледж қабырғасында сапалы білім алып, өмірге бейім азамат, өз маман иесі болып өсуіне толыққанды жағдай жасалғанын атап өтті. Атырау сервис колледжінде оқу құрал-жабдықтары және оны оқуда пайдаланулары студенттердің интелектуалды потенциалын арттыруға, өз мамандығын еркін меңгерген, өз ойын еркін жеткізуге бағыттайтынына көз жеткізіп, колледждің барлық студенттері келешекте елінің көсегесін көгертетін жақсы маман болатынына сенім білдірді.

Атырау сервис колледжінде Ашық есік күні әлі де жалғасуда. Барлық өткізілген шаралар әлеуметтік желілерге жарияланды.

Всего комментариев: 0