Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Сапа менеджмент жүйесі

 

Бөлімнің негізгі мақсаты-мүдделі тараптардың және басқа да тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында колледждің СМЖ қызметін қолдау, жақсарту, жетілдіру, жасақтау, енгізу.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Сапалы білім беруде колледждің саясатын іске асыру;
  • Актуальді жұмыс жағдайында колледждің СМЖ құжаттамаларымен қамтамасыз ету және қолдану;
  • Колледждің құрылымдық бөлімдерінде сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша білім берудің қызметін үйлестіру;
  • Өлшеу, талдау және үдерісті жақсарту бойынша қызметпен қамтамасыз ету және үйлестіру.
  • Колледж қызметінде өзін-өзі бағалау және аудит бойынша СМЖ қызметін қамтамасыз ету;
  • СМЖ өз қызметін атқару барысында колледждің құрылымдық бөлімдерінде талдау мен сараптама жүргізу;
  • Құжаттаманы басқару;
  • Жазбаларды басқару;
  • Ішкі аудит

 

Жұмыс бағыты:

 

Бөлім қызметінің  негізгі бағыттары:

-Колледжде  СМЖ-н енгізу және жетілдірудің жұмыс жоспарын жасау:

-Ішкі аудиттің нәтижесімен жиынтық есептерді жасау үшін материалдарды дайындау;

-Ішкі аудитті өткізу;

-Ескертпелі және түзетпелі әрекеттердің жасақталуын және орындалуын бақылау;

-сапа менеджмент саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша колледж бөлімдерінің қызметін үйлестіру;

-колледждің жеке  Web парақшаларында СМЖ қызметі туралы мүдделі жақтарды ақпараттандыру.