Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Колледждің қызметі  жастарды қалыптастыруға және оқытуға бағытталған,  еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлау. Біздің түлектердіңкөпшілігі  қаладағы  ірі-ірі кәсіпорындарда  жұмыс жасайды. Атап айтсақ, «Теңізшевройл», «Өнерпаз» және т,б. Құрылғаннан бергі 55 жыл ішінде  колледж 100мыңнан астам  маман дайындап шығарды.

 

Колледж  барлық өткізілген байқауларға қатынасып,   жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалы, «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен  өткен «Біз Қазақстанды бірге саламыз»  атты республикалық сайыста біздің колледж  жүлдегер болды. Жыл сайын  бітіруші түлектердің  еңбекке орналасуы үшін  жәрмеңке өткізіп, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі үшін ірі кәсіпорындармен келісім шарт  жасақтаймыз, дуалдық оқыту жүйесі бойынша оқу үшін кәсіпорын таңдаймыз. Бұл білім беру мен өндірістік  мақсаттардың  жинақталуын барынша арттыруға  мүмкіндік береді.