Колледж миссиясы! Өз мамандығын еркін меңгерген жоғары білікті кадрларды дайындау.

Сервис колледжі тамырлы тарихы мен саналы дәстүрге бай бұрынғы химиялық училище – ҚР алдыңғы қатарлы кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындарының бірі.Колледж тарихында кәсіби біліктілігі жоғары химия және мұнай химия өнеркәсібі мамандарын, сонымен қатар 2003 жылдан сервис колледжіне өзгертілгеннен бері қызмет көрсету саласы мамандарының бірнеше буын өкілдерін дайындап шығарды. Өзінің 55 жылдық қызметі барысында колледж 115000 маман дайындап, олар «АМӨЗ» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС сияқты химия және мұнайлы химия кәсіпорындарында, сондай-ақ «Өнерпаз» ЖШС, ЖШС, Ренессанс-Атырау қонақ үйі сияқты қызмет көрсету саласы кәсіпорындарында жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда сервис колледжі кәсіптік техникалық білім беретін мекемелер  арасында лайықты орынға ие. Болашақ мамандарды сапалы дайындау нәтижесі – олардың табысты еңбегімен дәлелденген.

 

Білім беру үрдісін 45 педагог маман қамтамасыз етеді. Олардың ішінде 10 жоғары және 23 бірінші санатты оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, 5 магистр академиялық дәрежесіне ие. Ұжымда осы мекемеде 20 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан ұстаздар бар. Педагогтар қызметі модульдік технологиямен дуалды оқыту жүйесі негізінде білім үдерісін жүзеге асыруға негізделген. Бұл дәстүрлі оқу тәрбие жұмысының көкжиегін барынша арттыруға мүмкіндік береді. Колледж жастардың білім алуы, тұлға ретінде қалыптасуы, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлауға қызмет етеді. Колледж түлектері көп жылдар аясында ҚР мұнай және мұнай химия қызмет көрсету саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Бүгінгі біздің колледж – жаңа технологияларды білім беру және өндіріс мақсатын максималды біріктіру жағдайында маман дайындауды жүзеге асыруға қолдануға бағытталған замануи оқу орны.

 

Атырау облыстық білім басқармасының  «Атырау сервис колледжі»  қызмет көрсету саласы мамандарын даярлауға арналған. 1960 жылы 23 тамызда Совмин -1553 бұйрығымен  қалалық кәсіптік-техникалық училище болып құрылған. Училищенің мақсаты – Гурьев химиялық зауыты мен басқа да химия өндірісі кәсіпорындары үшін жұмысшы кадр даярлау болды.

 

1984 жылдан бастап училище арнаулы орта білім беретін №4 КТУ-ге  ауыстырылды, 1993 жылдан бастап орта білім мен мамандық қана емес, орта-техникалық білім беретін №1 кәсіптік училищеге өзгертілді.

 

1996 жылдың қараша айынан бастап №1 кәсіптік – техникалық лицей болып тіркелді.

2003 жылы №1 Кәсіптік лицей қызмет көрсету саласына қайта бейінделді.

 

2013жылдың 21 қаңтарындағы Атырау облысы әкімиятының шешімімен №1 кәсіптік лицей Атырау облысы білім беру басқармасының «Атырау сервис колледжі» Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып өзгертілді.

 

Колледж заңды тұлға ретінде Облыстық Әділет департаментінде тіркелген. 

«Атырау сервис колледжі» КМҚК негізгі мақсаты  орта және шағын кәсіпкерлік саласына кәсіби білікті мамандар дайындау.Колледжде 24 оқу кабинеттерімен теориялық оқуға арналған 6 зертхана мен (шағын дүкен,оқу мейрамханасы,оқу мейманханасы,оқу наубайханасы,екінші тағамдар әзірлеу цехы,салқын тіске басарлар дайындау цехы,оқу кондитерлік цехы,оқу шаштараз салоны,үш тігін салоны) ,17 жалпы білім беретін кабинеттері,7 арнаулы білім беретін кабинеттері жасақталған.

Колледже оқыту типтік және оқу жоспарлары мен бағдарларына сәйкес жүргізіледі. ҚР білім министірілігінің 27.04.2017 ж № 196 бұйрығы негізінде жаңа типтік оқу жоспарына сәйкес "Аспаз" мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары құрылды,аспаз маманлдығы бойынша бағдарлама 8 модульден тұрады.

- 2015 жылғы желтоқсан айындағы анализ қортындысында  бойынша салық төлеу және де басқа да статистикалық деректер негізінде колледж Атырау облысы бойынша "Сандық номинациясы" атты алтын деңгейді жеңіп алды.

- Қазақстанның  шаруашылық субьектілерінің тізімі анализі қортындысында нақты деректерге сәйкес колледжге "Лидер отрасли-2015" құрметті атағы берілді және "Лидер отрасли - 2016" алтын медалі тағайындалған.

- 2017 жылы алтын рейтингі бойынша Атырау сервис колледжі "Лидер года - 2017" номинациясын жеңіп алды.

Колледж өз түлектеріне орта-кәсіптік білім береді.  Колледж түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Білім беру ісін жүзеге асыру туралы мемлекеттік лицензия мен колледжде оқытылатын барлық мамандықтар бойынша лицензия қосымшалары бар. Лицензия №14015337, әрекет ету мерзімі шексіз, Білім беруді бақылау Департаментінің Атырау облысы бойынша филиалымен берілген. Лицензияға сәйкес 17 кәсіп бойынша оқытуға рұқсат етілген. Қазіргі уақытта колледжде оқыту 8 мамандық бойынша жүргізіледі. Білім беру 9-сынып негізінде және 11-сынып негізінде жүргізіледі.

 

Колледж мекен-жайы: Атырау қаласы

Құрманғазы көшесі-9/а

Телефон: 21-36-54 электрондық  пошта:

  a.serviscol@mail.ru